425,71 496.50 6.00
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Британдықтар майшамдар мен азық-түлік қорын жинап жатыр | Шетелдік БАҚ

  • 28

- Франция сатқындықты кешірмей, НАТО-дан шығуы керек, деді француздық Atlantico басылымына сұхбат берген сарапшы.

- 2035 жылға қарай Қытай әуе күштері жауынгерлік ұшақтардың саны бойынша америкалықтарды басып озады, деп хабарлайды Popular Mechanics АҚШ әуе күштері штабының бастығы Чарльз Браунға сілтеме жасап.

- Британдықтар майшамдар мен азық-түлік қорын жинап жатыр. Ұлыбританияның Бизнес саласы бойынша министрі Квази Квартенг алдағы қыста газбен қамтамасыз етуде ешқандай қиындықтар болмайды деп мәлімдегеніне қарамастан тұрғындар қыс қамына өздері кірісіп кетті, деп жазады Dail Mail.

- Ашудың да пайдасы бар, деп жазады Dagens Nuheter басылымының журналисі Хелена Шёдин Эберг. Егер бұл сезім біздің өмір сүруіміз үшін маңызды болмаса, ол атрофияға ұшырар еді, дейді Каролина институтының психологы Йохан Бьюреберг.

Хабар 24 телеарнасы