389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұтынушы таңдауы І Қарбыздан төнер қауіп қандай?

  • 163

Қарбыздан төнер қауіптің ең жиісі ол – улану. Себебі – бау-бақша өнімдері көбіне саудаға бақылаусыз өтіп кетіп жатады. Мәселен, қарбыздар сатылымға маусым айынан бастап түседі. Бірақ тұрғындар бұл кездегі дақылдың қауіпті екендігін ескере бермейді. Өйткені ерте піскен қарбыз құрамында нитрат мөлшері шамадан тыс болады. Мамандардың айтуынша, ең жылдам пісетін қарбыз сұрыптарының өзі шілде айының соңына қарай пісуге тиіс. Сондықтан қарбыз жеудің қолайлы уақыты –жаздың соңғы айы мен күз мезгілі. Бұл – өнімнің нағыз пісетін мерзімі.

Хабар 24 телеарнасы