420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейжіңде Астананың 20 жылдығына орай үстел теннисінен турнир өтті

  • 1153
  • UPD: 10:20, 30.05.2018

Бейжіңде қызметте және білім алып жүрген Қазақстан азаматтары «Алыста жүрсек те, жүрегіміз Астана деп соғады!» ұранымен үстел теннисінен сайыс өткізді.

«Ел жүрегі – Астана» деп аталатын спорттық шараны ұйымдастыруға еліміздің Қытайдағы елшілігі мұрындық болған. Оған дипломаттар, студенттер, ұлттық компанияның өкілері мен олардың отбасы мүшелері қатысты. Сөйтіп елшілік қызметкері Әділ Бақытжан теннис тартысының жеңімпазы  атанды. Екінші орынды Бейжің университетінің студенті Дархан Сәрсембеков, үшінші орынды Қытайдағы қазақстандық банктің өкілі Нұрлан Яхъяров иеленді. Турнирдің жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары мақтау қағаздары мен сый-сияпаттармен марапатталды.

 Әділ Бақытжан, жеңімпаз:

– 20 жыл бұрын астанамыз Алатаудың бөктерінен көшірілген болатын. Біз алыста жүрсек те, жүрегіміз Астана деп соғып тұрады.

Хабар 24 телеарнасы