374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында Астананың мерейтойы атап өтілді

  • Read 286 times
Түркістан облысында Астананың мерейтойы атап өтілді

Астананың 20 жылдық мерейтойын Түркістан облысы да зор қуанышпен тойлады.

Облыс орталығы Түркістан қаласында салтанатты жиын өтіп, онда өңір басшысы қоғамның түрлі салаларында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматқа «Астанаға – 20 жыл» мерекелік медалін салтанатты түрде тапсырды. Олардың арасында спорт, өнер, БАҚ және өзге де салалардың өкілдері бар. Сонымен қатар облыс әкімі Жансейіт Түймебаев биыл ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған түлектерге алғыс хат тапсырды. Ал мерекелік кеште Отан, туған жер, махаббат, Астана, достық тақырыптарындағы туындылар мен ел жүрегінен мәңгі орын алған әндер шырқалды. Есімхан алаңында өткен концертке мыңдаған көрермен қатысты. Кеш соңы мерекелік отшашуға ұласты.

Кеңес Исмайлов, журналист, өлкетанушы:

- Астананың осылай құлпырып-дамығанын Түркістан сияқты өсуге ынталы болып тұрған қалаларға үлгі ретінде қабылдау керек. Түркістанды біз 5-10 жылдан кейін біз танымай қалатындай, керемет бір қала болып елестетіп көруге болады.

back to top
Хабар 24 телеарнасы