369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жыл сайын 36 мыңға жуық адамнан обыр дерті анықталады

  • 506
  • UPD: 13:45, 16.10.2018

Қазақстанда онкологиялық аурумен есепте тұрғандардың саны 170 мыңға жуық екен. Ал жыл сайын 36 мыңға жуық адам қатерлі ісік диагнозымен тіркеледі.

Жаман ауру не себепті көбейіп отыр?  

Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі «Астанада обырды ерте анықтау мен емдеудің жолдары талқыланды» атты мақаласында көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап іздейді. Тек елімізде ғана емес, әлемде әйелдердің сүт безі қатерлі ісігі, өкпе обыры мен асқазанның қатерлі ісіге жиі кездеседі. Дәрігерлер онкологиялық аурулардың ең басты себептеріне тұқым қуалаушылықты жатқызғанымен, экология мен дұрыс тамақтанбау, салауатты өмір салтын ұстанбау дерттің дендеуіне жол ашып отырғанын айтады. Бұл аурумен күресте жаңа технологиялардың маңызы ерекше екені анық. Мақала авторы Майгүл Сұлтан осы мәселе жөнінде Астанадағы Онкология орталығының бас дәрігері Мұхтар Төлеутаевтың пікірін келтіреді.  

«Елбасы атап өткендей, біз онкология саласын нейрохирургия және кардиохирургия ұлттық орталықтары жеткен биікке жеткізуіміз керек. Бүгінде біздің мекемеде болсын, республика бойынша да онкологиялық ауруды анықтау мен емдеудің жаңа жолдарын мамандарымыз меңгеріп жатыр. Бүгінде обырды ең ерте анықтайтын позитронды эмиссиялық томография (ПЭТ) Астана қаласында үшеу болса, Алматыға бір аппарат қосылды. Облыс орталықтарында да осындай озық аппараттарды қою жоспарланып отыр. Бұған қоса әр онкологиялық диспансерлерге сәулемен емдейтін аппараттардың соңғы түрі жеткізілмек. Бұл біздің халыққа жоғары деңгейде онкологиялық көмек көрсетуімізге мол мүмкіндік береді»

Өз мақаласында әріптесіміз Майгүл Сұлтан оқырман назарын скринингтік тексерулердің маңыздылығына да аударып отыр. Сөзі салмақты болуы үшін дәрігер-маманның кеңесін жазады.

«Онкологияның бірінші және екінші сатысын емдеу қиын емес, сондай-ақ олар тез айығып кете алады. Үшінші сатысын да емдеуге болады, бірақ оған ұзақ уақыт пен көп қаржы жұмсалады. Ал төртінші сатысы, өкінішке қарай, емделмейді. Сол үшін уақтылы онкоскринингтен өтіп тұру керек»

Осы категория бойынша: « Заңсыз мұнай тасымалынан келетін зиян көп «Педагог мәртебесі туралы» заң қандай болуы керек? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы