365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сығанақ туристерді шақырады

  • 306
  • UPD: 13:37, 25.10.2018

Осындай атаумен республикалық «Жас Алаш» газетінде мақала жарыққа шықты. Орта ғасырда сауда мен өнеркәсіптің орталығы болған қаланың орны әлі күнге дейін зерттелуде.

Күні бүгінге дейін ғалымдардың айрықша қызығушылығын тудырып отырған қалашық нағыз экотуризм орталығына айналып келеді.

Жанат Ашанқызы, Қызылорда облыстық мәдинет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары:

- Сығанақ қаласы нағыз мәдени орын. 2004 жылы қаланың шығыс қақпасының алдынан ғалым, ислам дінінің көрнекті өкілі Хиссамидин салғызған мешіт- медресенің орны табылды. 2008 жылы қасиетті нысан топырақтан тазартылып, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қайта қалпына келтіру жұмыстарынан өтті. Бұл еліміздің рухани саласының қарыштап дамуына жасалған үлкен қадам болатын. Қазір қалашықты ЮНЕСКО – ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта нақты нәтиже болатынына сенімдіміз.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Осы Сығанақтан археологиялық қазба жұмыстары кезінде құмыра, керамика сынықтары сынды құнды жәдігерлер табылған екен. Мақалада автор оның бәрін тізбектеп жазған. Соңғы жылдары бұл жерді тамашалауға шетелдіктердің де қызығушылықтарын туғызуда. 

Бағдат Әлиев, Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары: 

- 2013 жылы Сығанақ қалашығының оңтүстік-шығыс қақпасы ашылды. Осыған орай нысанның қайта қалпына келтіру жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, 2014 жылы республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлінген. Бұл ретте атқарылатын жұмыстардың барлығы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Құрылысшылардың еңбекқорлығы мен ұқыптылығының арқасында өткен күннен қалған дүниені қалыпты деңгейде ұстап тұру мүмкін болды. Биылғы жылы да республикалық және облыстық бюджеттерден қаражат бөлінді. Қалашықты реставрациялық және археологиялық жұмыстар жалғасын тапты. Қалашықтың айналасына жол төселініп, қорғандар көтерілді. Кішігірім көпір жаңартылды. Тақтайшалар ретке келтіріліп, туристерді көбірек тарту мақсатында біршама жұмыстар атқарылды.

Самат Қайырденұлы, тілші: 

- Уақыт өткен сайын елімізде туризм саласына қан жүгіре бастады. Енді жеңіл өнеркәсіпте ілгерлеушілік болса нұр үстіне нұр болар еді. Республикалық «Айқын» газетінде «Не киіп жүрміз» атты мақала жарияланып,  автор бұл бағыттағы проблемаларға тоқталған екен. Бүгінгі күні қазақстанда осы салада 984 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Ал оның 95 пайызы шағын ғана кәсіпорындар.

Осы категория бойынша: « Біз не киіп жүрміз? «Ескі автобус, дөрекі кондуктор». Қоғамдық көлік қызметі көңілден қашан шығады? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы