378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019: Дауыс беруге келген мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қандай жағдай жасалады?

  • 859
  • UPD: 12:50, 24.04.2019

Алдағы кезектен тыс президент сайлауында дауыс беруге келген мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сайлау учаскелерінде қандай жағдай жасалады?

Сайлау учаскелерінде дауыс беруге келген мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай жасалады. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» жазады. Орталық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысында сайлау учаскелері ҚР әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділік картасына енгізілетіні айтылды. Себебі алдағы сайлауда зағип-саңырау және саңырау сайлаушылардың көптеп дауыс беруге қатысатындары болжанып отыр. Сондықтан учаскелерге жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің жәрдемімен сурдоаудармашылар, тифлосурдоаудармашылар тартылуы мүмкін.

Ләззат Сүлеймен, орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

– Ең бастысы мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға сайлау учас­кесінде бөгде адамның көмегінсіз өз дауысын жасырын бере алатындай жағдайлар жасалуға тиіс. Сайлаушы дауыс беру үшін келе алмайтын жағдайда учаскелік сайлау комиссиясы оның дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12-ден кешіктірмей берілуі мүмкін жазбаша өтініші негізінде сайлаушының болатын жерінде дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс.

 

«Egemen Qazaqstan»: Әлемдегі демографиялық жарылыс және әйелдер

«Әлемдегі демографиялық жарылыс және әйелдер» деген мақаланы да «Egemen Qazaqstan» газетінен оқуға болады. Бүгінде Қазақстанда әр 1000 бойжеткеннің 20-сы 15-19 жасында балалы болады екен. Өткен жылы жүргізілген әлеуметтік зерт­теу нәтижесі бойынша, осы жас шамасындағы қыз балалардың үштен бір бөлігі сексуалды белсенді және көпшілігі қорғалмаған жыныстық әрекеттерді қолданады. Ал мұндай әрекеттер күтпеген, жоспарланбаған балалардың көбеюіне алып соғады. Осылайша, тастанды, болмаса денсаулығы кінәратпен дүниеге келетін сәбилер саны артады, делінген мерзімді баспасөзде.

Джулия Валезе, БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қорының Қазақстандағы өкілі:

– Әйелдер үшін еркімен, сүйіспеншілікпен ана болуға және жұмыс істеуге болатындай атмосфера қалыптастыру қажет. Бұл тұрғыда ерлердің де жарын, жұбын қолдауы маңызды. Сондай-ақ жастарды отбасын құру және оның құндылықтары туралы сауаттандыруды ерте, оқушы кезден қолға алған жөн. Сонда ғана жоспарлы, мақсатты және ерікті отбасы құрылады. Ал ондай отбасында дені сау әрі саналы бала дүниеге келеді.

Хабар 24 телеарнасы