385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыға LRT керек пе?

  • 581
  • UPD: 11:42, 26.07.2019

«Алматыға LRT керек пе?» деген сұрақтың жауабын «Айқын» газеті іздеп көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Алматыда да жеңіл рельсті көлік құрылысы әне басталады, міне, басталады дегелі біраз болған. Әкімдік ара-тұра төбе көрсетіп, «міне, былай істегелі жатырмыз» дегендей, интернетте болашақ жобаның суреттерін жарқ-жұрқ еткізіп қоятын», деп жазады басылым. Мақалада қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының басшысы Айдос Көбетовтің сөзі келтірілген. Онда ол жобаның екінші кезеңде тұрғанын айтады.

«Алматыда жеңіл рельсті көлік желісін 2023 жылы іске қосу жоспарланып отыр», – дейді ол. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Алматыдағы жеңіл рельсті транспорт құрылысына 94 203 млн теңге қаржы жұмсалмақ. «Дегенмен LRT құрылысы жалпы тәжірибеде аса қымбат жоба саналады. Елорда ғана емес, ел экономикасына салмақ түсіргелі тұрған бұл жағдай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да көңіліне жақпаған. Енді бұл пікірден соң Алматыдағы LRT құрылысы да Нұр-Сұлтандағы кепті кимес пе екен деген қауіп туындайды» делінген мақалада.

Қалалықтар енді осы әдемі сөздердің іс жүзінде расқа айналуын тілейді. Әйтпесе, дәл осылай «әп-әдемі» басталған талай жоба орта жолда тоқтап тұр. Алматыдағы LRT бас шаһардағыдай адам қолымен жасалған «ерекше туындыға» айналып кетпесе екен деген ой ғана.

Хабар 24 телеарнасы