386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарыз кешіру рәсімі қашан аяқталады?

  • 457
  • UPD: 11:50, 02.08.2019

Кімнің қарызы кешіріледі, кім кешіреді? «Айқын» газеті өмірлік қиын жағдайда қалған қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына қатысты үлкен мақаланы жарыққа шығарды.

Несиесін өтей алмай қиналып жүргендер бұл жаңалықты несиеміз жабылады деп түсінгені рас. Алайда бұл жеңілдік несие алушылардың белгілі бір тобына ғана арналған-ды. Олар кімдер? Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарына кепілсіз тұтынушылық қарызы бар көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар. Олардың қарыз бойынша жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 000 000 теңгеден аспайтын болуы керек. Бұл – бір реттік акция. Қарыз кешіру рәсімі 18 қыркүйекте аяқталады. «Несиемді кешір деп банкке яки басқа мекемеге жүгінудің қажеті жоқ», деп жазады «Айқын». Кімнің несиесі кешірілетінін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі анықтайды. Жарлықта аталған санаттарға сәйкес келетін азаматтардың тізімін қалыптастырады.

«Сайып келгенде, азаматтардың қарыздары 5 қыркүйекке дейін өтелуі тиіс. Сосын борышкерлерді берешектің өтелгені және берешек қалдығының мөлшері туралы хабар келеді. Бұл процеске борышкерлер араласпайды. Барлық жұмыс олардың сыртынан атқарылады. Ал борыш жүктемесі азайтылғанын білгісі келгендер 18 қыркүйектен бастап, яғни барлық рәсім аяқталған соң «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына хабарласып немесе Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы ақпарат алуға болады».

Хабар 24 телеарнасы