369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақорда Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабынан үзінді жариялады

  • 513
  • UPD: 13:33, 31.01.2018
Ақорда Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабынан үзінді жариялады Фото: facebook.com

Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Facebook парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың архив суреттері мен «Тәуелсіздік дәуірі» кітабынан үзіндіні жариялады.

«1998 жылы әуежайдан келе жатқан жолда «Еліміздің жаңа орталығын «Астана» деп атауды дұрыс көрем» деп, ойымда жүрген сөздің ұштығын шығарып қалған едім. Кешқұрым резиденцияда астана атауына байланысты әңгімеміз жалғасты.

«Астана» деп атауға не себепті ықыласым ауғанын айтып, дәлелді дәйектер келтірдім. «Біріншіден, «астана» сөзінің мағынасы айқын. Елдің бас қаласы ұғымын білдіреді. Екіншіден, саяси және тарихи тұрғыдан алғанда да, әркім әрқалай түсініп, қабылдайтындай атау емес. Үшіншіден, «астана» деген сөздің өзі қаланың атқаратын қызметін көрсетіп тұр.

Мемлекеттік тілде айтсаң да, басқа тілде айтсаң да, құлаққа жағымды, айдынды атау. Оның үстіне жаңа астаналар тұсаукесерінде қала атауы – әлем мемлекеттері бас қалаларының тізіміне еніп, қала символына айналуы да мүмкін», – деген едім».

Осы категория бойынша: « Н.Нығматулин: Ауылдық және қалалық үкіметтік емес ұйымдарға өз ерекшеліктеріне қарай жағдай жасау қажет Елбасы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы