365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Президенті Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесу өткізді

  • 195
  • UPD: 21:58, 12.08.2018

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне ілтипат білдіріп, халықтарымызды тарихи әрі бауырластық қатынастар байланыстырып келе жатқанын айтты.

– Сіздің Қазақстанға сапарыңыздан кейін біздің сауда қатынастарымыздың жанданғаны байқалады. Алайда бұл бағыттағы жұмыстарды ілгерілету үшін әлеуетіміз әлі де жеткілікті, – деді Қазақстан Президенті.

Гурбангулы Бердімұхамедов саммитке қатысуға мүмкіндік туғызғаны үшін ризашылық білдіріп, оның ұйымдастырылуы мен өткізілуін жоғары бағалады.

– Бұл күн ғасырлар бойы қалыптасқан өзара қарым-қатынасымызға тың серпін беріп отыр. Қазіргі кезеңде екі жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін барлық мүмкіндік бар, – деді Түрікменстан Президенті.

Кездесу соңында тараптар осы айдың соңында Түрікменстанда өтетін Арал теңізі проблемаларына арналған отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Осы категория бойынша: « Ақтау саммиті: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылды Н.Назарбаев: Конвенция «Каспий теңізінің конституциясы» болып саналады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы