365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астықтың уақытылы жиналуын қамтамасыз ету қажет – Елбасы

  • 165
  • UPD: 11:02, 18.08.2018
Астықтың уақытылы жиналуын қамтамасыз ету қажет – Елбасы Ақмола облысы, Бұланды ауданы

Қазақстан Президенті «Журавлевка 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді.

Ақмола облысына келген соң Мемлекет басшысы дәнді және майлы дақылдар алқабын аралап, егін ору науқанына дайындық барысымен танысты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Астықтың уақытылы жиналуын қамтамасыз ету қажет. Бізге ауа райы қолайлы болып тұр. Егін ору уақытының созылуы едәуір шығын келтіретіндіктен, бұл жұмыстарды жеделдету керек», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаевқа Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері мен ауыл шаруашылығы саласының перспективалары жөнінде мәлімделді.

Қазақстан Президенті агроөнеркәсіп кешеніне озық ғылыми жетістіктерді және цифрландыру үдерісін енгізудің маңыздылығын атап өтті.

«Шортанды ауданында тәжірибе ретінде алқаптардың электронды картасын енгізу, егістік жағдайына спутниктік мониторинг жасау, тұқымды ретімен егіп, тыңайтқыштарды дифференциалды түрде себу жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұл еңбек өнімділігін 2 есе арттыруға, сондай-ақ шығынды 20 пайызға төмендете отырып, астық өнімділігін 5 центнерден асыруға мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Елбасы Қазақстанда және шетелде құрастырылатын техникалардың үлгілері қойылған ауыл шаруашылығы машиналарының көрмесін аралап көрді.

Осы категория бойынша: « Елбасы «Агрофирма Эксимнан» ЖШС-нің ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді Биыл еліміз 20 млн тонна астықты қамбаға құюды көздеп отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы