371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Еуропалық іскерлік топ өкілдерімен кездесті

  • 580
  • UPD: 17:49, 18.10.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы бизнес өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

30-ға жуық корпорациялар мен холдинг басшыларын кәрі құрлықтағы экономиканың тұтқасы деуге болады. Президент іскер топ өкілдеріне Қазақстандағы инвестклимат туралы баяндап, салықтық жеңілдіктерге тоқталды. Елімізде басымдық берілген бағыттарды да атап өтті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, транзиттік әлеуетті арттыру, геология, фармацевтика, мұнай-газ салаларындағы жобаларды бір үстел басында талқылады. Өз кезегінде инвесторлар көкейтесті сұрақтарын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тікелей қойды. Мәселен, Нидерланды Королдігінде ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған. Олар жоғары сұрыпты картоп өсіріп, өнімді тұтынушыларға жеткізбек ниетте. Осы ретте Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін зауыт салынбақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Многие из вас работают. Химическая промышленность, строительство, фармацевтика. Горно-металлургический сектор. Они успешно работают. Открывают современные производства. Создают рабочие места, где нет таможных границ, свободное передвижение товаров и услуг.

Осы категория бойынша: « Қазақстан Президенті Бельгия Королі Филиппен кездесті Елбасы бельгиялық бизнес өкілдермен кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы