369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Өзбекстан Олий Мәжілісінің Спикері Н.Исмоиловпен кездесті

  • 231
  • UPD: 16:26, 27.11.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Өзбекстан Олий Мәжілісі заң шығару палатасының спикері Нурдинжон Исмоиловпен кездесті.

Басқосуда көрші елдер арасындағы қарым-қатынас жайы талқыланды. Бұл ретте Елбасы қазақ-өзбек байланысы қалыпты деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Шавкат Мирзиёевпен жылына бірнеше рет кездесулердің арқасында экономикалық, саяси әріптестік мәселелер шешілетінін айтты. Ал өзбекстандық заң шығарушы орган өкілі парламентаралық байланыстың  жай-күйін әңгімеледі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстан-Өзбекстан арасындағы қатынастар қазір өте жақсы жағдайда. Өздеріңіз білесіздер. Шавкат Мироменовичпен бірнеше мәрте жылына кездесіп, барлық жағдайларды қарап жатырмыз. Сол бойынша экономика, саяси жағынан қарым-қатынас, компаниялар бәрі жақсы жүріп жатыр. Біз қол қойған келісімдер парламенттердің қатынасуы керек. Сондықтан келгеніңіз жақсы болды. Қош келдіңіз! 

Нурдинжон Исмоилов Өзбекстан Олий Мәжілісі заң шығару палатасының спикері:

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, мен үшін сізге Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтың сізге деген сәлемін жеткізу үлкен құрмет. Өзіңіз айтып өткендей, қазақ-өзбек қарым-қатынасы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Оған сіз және біздің ел президенті қосқан үлес зор. Қазір арадағы әріптестіктің жаңа дәуірі басталды деп айтуға толық негіз бар. Бұл бауырлас халықтардың негізгі арман-тілегі болатын.

Осы категория бойынша: « Елбасы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады Елбасы Астанада өтетін VIII Азаматтық форумға қатысады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы