378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә.Смайыловты қабылдады

  • 298
  • UPD: 22:25, 19.04.2019

Мемлекет басшысына Қаржы министрлігінің қызметіндегі негізгі мәселелер; бюджеттің орындалу барысы, салық және бюджет саясаты, мемлекеттік қарыздың жағдайы туралы мәліметтер берілді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік шығындарды оңтайландыру және мемлекеттік бюджетке түсімді көбейту қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Президент кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімдігілін арттыруды тапсырды.

Ә.Смайылов Мемлекет басшысына министрліктегі цифрландыру және өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелермен байланысы бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы баяндады.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы