389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде сот қызметіне халық сенімін арттыруға бағытталған 15 заң жобасы әзірленген

  • 709
  • UPD: 15:16, 17.05.2019

Нұрсұлтан Назарбаевқа сот жүйесін жаңғырту барысы туралы мәлімделді, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі.

Жоғарғы Сот төрағасы соттардың қызметін жетілдіруге және судьялардың жұмысына деген халық сенімін арттыруға бағытталған 15 заң жобасы әзірленгені туралы баяндады.

Кездесу барысында сондай-ақ 2018 жылғы 19 қарашадағы кеңесте берілген тапсырмаларды орындау мәселелері талқыланды.

Хабар 24 телеарнасы