383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы халықаралық «Жыл волонтері» сыйлығын құруды ұсынды

  • 341
  • UPD: 17:31, 21.05.2019
Мемлекет басшысы халықаралық «Жыл волонтері» сыйлығын құруды ұсынды Atameken Business Channel

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан-Ресей жастарының халықаралық форумына қатысып жатыр.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайға жұмыс сапары аясында Қазақстан-Ресей жастары ынтымақтастығының «Волонтерлік - жастардың әлеуметтік лифті» деп аталған форумында сөз сөйлеуде», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев «Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретінде сіздердің келесі жылды волонтерлер жылы деп жариялау туралы ұсыныстарыңызды толық қолдаймын», деді өз сөзінде.

Мемлекет басшысы биылғы жылдың Қазақстандағы волонтерліктің дамуындағы жаңа кезең болатынын атап өтті.

«Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Мемлекеттік органдар жастардың білім алуы, кәсіби дайындығы, жұмысқа орналасуы сияқты мәселелерді күнделікті бақылауына алды», деді Президент.

Сонымен қатар ҚР Президенті Қазақстан мен Ресейдің еріктілер қозғалысын ынталандыру үшін халықаралық «Жыл волонтері» сыйлығын құруды ұсынды.

«Креативті идеялар мен жобаларға жан бітіріп жүргендерге бұл үлкен демеу болады», деп қосты ол.

Мұнымен қоса, Қ.Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің волонтерлік ұйымдарының қатысуымен Еріктілер кеңесін құру мүмкіндігін талқылауды ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы