382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

  • 211
  • UPD: 20:31, 03.06.2019

Жамбыл өңірінен кейін Мемлекет басшысы елдің батысына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тап қазір Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысындағы іргелі оқу орнында жүзеге асып жатқан жаңа жобалармен танысуда. Осыған дейін Президент мұнай өңдеу зауытында болған еді.

Дастан Сейілханұлы, тілші:

– Мемлекет басшысы аралап жүрген колледж мұнайшыларды дайындайды. Іргелі оқу ордасы облыстағы ғана емес, республикадағы ең озық техникалық білім беретін мекемелердің қатарында. «Болашақ» кеніші осыдан 3 жыл бұрын қолданысқа берілген. Іргетасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалаған еді. Қазір сол зауыт еліміздегі мұнай өңдейтін ірі кешенге айналып отыр. Мұнда 7 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Зауыт жылына 22,5 млн тонна мұнай өңдеуге, 6 млрд текше метр газ шығаруға қауқарлы. Одан бөлек, ондағы мамандар түйіршіктелген күкірттерді де әзірлейді екен. Оны іргедегі Ресейге саудалайды. Білуімше, әлгіндей күкірттерді дәрі-дәрмек өндірісінде жиі қолданатын көрінеді. Зауыт басшылығы қоршаған ортаны ластамау үшін қажетті амалдар қолданылып жатыр дегенді айтты. Мемлекет басшысына өндіріс орнының жұмысы таныстырылды. Осыған дейін жасалған жұмыстар жөнініде есеп берілді.

Қуанышкерей Мұхтаров, өндіріс зауытының директоры:

– Қарашығанақ технологиялық процестерін орындау үшін бізде 3 зауыт бар. Бірінші зауыт Каспий теңізінде орналасқан. Екіншісі – осы «Болашақ» зауыты. Үшінші зауыт түйіршіктелген күкірт шығарады.

Зауыт жұмысымен танысқан Президент ізінше мұнайшыларды оқытатын колледжге келді. Қазір Қасым-Жомарт Тоқаев сол оқу орнын аралап жүр.Колледж 2012 жылы білімгерлерді қабылдай бастаған. Жылына 800-ден аса түлек аталған білім мекемесін бітіреді екен. Студенттер тек ағылшын тілінде білім алады. Оларға 55 білікті ұстаз дәріс береді. Білімгерлер теоргиялық тұрғыдан жианқтаған білімдерін іс жүзінде іске асыруға мүмкіндік алып отыр.

Ермек Күзембаев, «Кәсіпқор» холдингі басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

– Қазақстанның барлық өңірлерінен келіп студенттер оқып жатыр. Басқа аймақтардан келген студенттерді толық жатақханамен қапмтамасыз етіп отырмыз. Негізі 4 жатақхана бар, 485 орынға арналған.

Әсел Ермекова, арнайы пәндердің аға оқытушысы:

– Атырау өңірінде ең алдыңғы орында келе жатқан компанияларда жұмыс жасап жатқан түлектеріміз бар. Жеке компанияларда басшылық қызметте отырғандар да бар. Түлектеріміздің көбі осындай белгілі компанияларда қызмет атқарып жатыр.

Мемлекет басшысының Атырау облысына жұмыс сапары ертең де жалғасады. Қасым-Жомарт Тоқаев ертең облыс жұртымен жолығып, аймақтағы күрмеулі әрі күрделі мәселелерге тоқталады деп күтілуде. Әзірге қандай тақырыптарды қозғайтыны бізге де белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы