386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

  • 533
  • UPD: 13:14, 04.08.2019
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады pixabay.com

Синоптиктердің мәліметі бойынша бүгін еліміздің аумақтарыннан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республикада ауа райы құбылмалы болады.

Бүгін республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, дауыл тұрып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыста шаңды дауыл болады, бұршақ жаууы да мүмкін.

Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-қа күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Таңертең және күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл соғады.

Күндіз Ақмола, Павлодар, Қарағанда облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аумақтарында найзағай ойнап, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде және күндіз тұман түсуі мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл көтірілуі ықтимал. Жел 18-23 м/с жылдамдықпен еседі.

Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді.

Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады.

 

Хабар 24 телеарнасы