385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні

  • 415
  • UPD: 08:12, 29.08.2019
Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні history.kz

Бүгін – әлем бойынша ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні.

Атаулы күн 10 жыл бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілді. Бұл күнді алғаш рет Қазақстан бастамашы болып ұсынған. 1991 жылдың 29 тамызында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша Семей ядролық полигоны жабылды. Сөйтіп Қазақстан әлемдегі ең ірі ядролық қарудан бас тартты. Осы жылдың маусым айында Қазақстан ядролық жеткізушілер тобының төрағасы болды. Бұл құрамында атом саласын дамытатын және ядролық материалдарды экспорттайтын 48 мемлекет бар халықаралық бірлестік болып саналады. Бірлестік ядролық қару-жарақтың таралу қаупін шектеп, уран экспортын, жабдықтар мен технологияларды бақылайды.

Әрсен Омаров, ҚР СІМ Халықаралық қауіпсіздік департаменті директорының орынбасары:

– Қазақстан полигонды түбегейлі жабу туралы шешімді бірінші болып қабылдады. Еліміздің бұл қадамын бүкіл әлем құптады. Ресейде, Қытайда, Француз полигондары, АҚШ-тағы Невада және Тынық мұхитындағы басқа да полигондар жабылды. Сондай-ақ біз ядролық жеткізушілер тобының төрағасы болып табыламыз. Қазақстанның осындай жоғары дәрежедегі еңбегі қазір әлемге аян.

Хабар 24 телеарнасы