426,05 517.06 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде үш мың ломбардтың небәрі жеті жүзі қайта тіркеуден өткен

  • 462
  • UPD: 12:22, 28.12.2020

Жыл басында елімізде 3000-нан астам ломбард жұмыс істеп тұрды. Алайда оның 700-і ғана мемлекеттік тіркеуден қайта өткен. Енді келесі жылдың басында олардың бәрі лицензиялаудан өтуі тиіс.

Әйтпесе шағын несие беру құқығынан қағылады. Биылдың өзінде ел аумағындағы ломбардтардың саны 4,5 есе азайған. Қарыз беру ұйымдарының дені төтеден келген тезге шыдас бермеді. Пандемия салдарынан екінші тоқсанда тек қашықтан қызмет көрсету мүмкіндігі бар ломбардтар ғана шағын несие беріп, халыққа қызмет көрсеткен. Дегенмен, кәсіпкерлердің осалдығын пайдаланған жалған ломбардтардың да төбе көрсеткені белгілі. Алданған азаматтар бар. Енді қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігі лицензиялау арқылы халықты алаяқтықтан қорғауды көздеп отыр.

Алайда Ломбардтар лигасы қауымдастығының төрағасы Роберт Абзалиловтың айтуынша, микроқаржылық ұйымдар нарықтың 4 процентін ғана құрайды екен. Микроқаржылық ұйымдарды лицензиялау бірнеше талаптар бойынша жүзеге асады.

Трамп айнып қалды. Бұған дейін қарсы болғанына қарамастан Американың қазіргі президенті 2021 жылға арналған бюджетті бекітті. Ол құжаттың алғашқы нұсқасына көңілі толмайтынын айтқан болатын. Дегенмен, пандемиямен күреске 900 млрд доллар бағытталатын болады. Үкіметті қаржыландыруға 1,4 трлн доллар жұмсалады. Конгрестің қос палатасы азаматтарды індет салдарынан қорғау бойынша бір шешімге келе алмай бюджетке еш өзгеріс енгізбеген болатын. Ал Дональд Трамп әр адамға 600 доллардан беру өте аз екенін айтты. Өзі бұл соманы 2000 долларға жеткізуді талап еткен болатын.

Бұған дейін Ұлттық банк қазақстандықтардың жаңа жылдық дастархан жаюға шамамен 21000 теңге жұмсайтынын есептеп шығарған болатын. Қызық болжам. Ал қаз етінің бір келісі өңірлерде қанша тұрады? 

Нарықтағы баға

Қостанайда қаздың бір келісі 1900 теңге, Петропавл - 2000 теңге, елорда да құс етінің бағасы 2000 теңге, Қарағандыдан өнімді 2240 теңгеге аласыз, Ақтау мен Шымкентте 2500 теңге болса, Ақтөбеде 250 теңгеге қымбат. Ал еліміздің шығысында қаз етін 3000 теңгеден аласыз.

 

Хабар 24 телеарнасы