376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысының білім ошақтары 11 мамандық бойынша үздіктерді анықтап жатыр

  • 1297
  • UPD: 12:06, 30.03.2017

Техникалық мамандар қай кезде де сұранысқа ие. Cондықтан Қызылорда облысы дәстүрлі аграрлық саламен қатар өндірістік-индустриялды секторды дамытып келеді.

Осы ретте кәсіптік білім беретін оқу орындары 11 мамандық бойынша үздіктерді анықтап жатыр. «Worldskills Kazakhstan» ұлттық чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңіне 75 өрен қатысып, шеберліктерін паш етуде. Әлемнің 76 мемлекетінде өткізілетін сайыс кейінгі толқын жеткіншектердің еңбекке, кәсіпке деген ынта-ұмтылысын арттырады, - дейді мамандар.

Ерлан Қарабалаев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Комиссия жұмыс берушілер және үлкен компаниялардың өкілдерінен жинақталып отыр. 33 сарапшы ең үздігін анықтап береді. Әрбір мамандықта 1-орын иеленген студенттер республикалық чемпионатқа қатысады. Ал республикалық чемпионаттан өткен жастар халықаралық «WorldSkills International» қатысуға мүмкіндік алады.

Хабар 24 телеарнасы