388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Археологтар осыдан 500 мың жыл бұрын жойылып кеткен мысықтың қаңқасын тапты

  • 689
  • UPD: 08:48, 14.04.2017
Археологтар осыдан 500 мың жыл бұрын жойылып кеткен мысықтың қаңқасын тапты

Кезекті қазба жұмыстары барысында археологтар азуы алты қарыс мысықтың бас сүйегін тапты.

Зенкенберг ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мен Тюбинген университетінің бір топ археологтары мысықтың қаңқасын Шенинген археологиялық аумағынан тапты деп хабарлайды VistaNews.

Лейден университетінде жүргізілген сараптама бұл мысықтың еуропалық Homotherium latidens тұқымына жататынын анықтады. Бұл оларға қатысты Шенинген аумағынан табылған үшінші жаңалық болып отыр. Ең алғаш қаңқа сүйектері 2012 жылы табылды. 

Дене тұрқы үлкен арыстаннан кем түспейтін азуы алты қарыс мысық өте қауіпті жыртқыш болған. Болжам бойынша олар шамамамн 500 мың жыл бұрын жойылып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы