384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлытаудағы білім ордасына «Ауыл мектебін қолдаймыз» шарасы аясында 500 кітап тарту етілді

  • 452
  • UPD: 09:16, 07.06.2018
Ұлытаудағы білім ордасына «Ауыл мектебін қолдаймыз» шарасы аясында 500 кітап тарту етілді

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының он жылда жеткен табысы толағай.

Жаңартылған бағдарлама бойынша білім алған мұндағы талантты жастар қазір әлемнің белді олимпиадаларында топ жарып жүр. Осы жылдар бойы жиған тәжірибесін өзгелермен бөлісу үшін Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы Ұлытау өңіріне сапар шекті. Мұнда ұстаздар әріптестеріне шеберлік сабағы мен семинар өткізсе, оқушылар өз білгендерін замандастырымен бөлісті. «Ауыл мектебін қолдаймыз» деп аталатын шара аясында зияткерлік мектептің ұжымы Ұлытаудағы білім ордасына 500 кітап, оқушылардың өз қолымен өсірген 100 түп гүлін және 3Д принтерін сыйға тартты.

Равиль Якупов, Қарағанды қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» ДББ директоры:

- Ұлытау ауданындағы №1 орта мектепке сыйлаған дүниелеріміздің барлығы келешекте балалардың кәдесіне жарайды деген ойдамыз. 500 кітаптың барлығын біздің оқушылар өздері жинаған. Гүлдерді де бір жыл бойы күтіп, баптады. Бұл сапар екі мектептің оқушылары мен ұстаздарына да нәтижелі болады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы