365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да дарынды балаларға құрмет көрсетілді

  • 312
  • UPD: 23:54, 14.06.2018

Шығыс Қазақстан облысында дарынды балаларға құрмет, қошемет көрсетілді.

Биыл дәл осы оқушылардың арқасында  аймақтағы «олимпиадалық команда» ел бойынша үздік деп танылды. Білгір балалар интелектуалды, шығармашылық, ғылыми  сайыстардан жалпы 157 медаль еншілеп қайтқан. 

Білімді ұрпақтың болашағы бекем. Бұл басқосудағы жастардың арасынан ең мықты шахматшыны, республикалық, халықаралық білім додаларының жеңімпаздарын кездестіруге болады. Құрмет пен қошеметке ие болған 250 баланы бөліп жару қиын, әр қайсысының жеткен жетістігі биік.  Облыс басшылығы  ел намысын қорғап жүрген бұл  білімді оқушыларға алғысхаттар мен сыйлықтар табыс етті.

Альмира Абзалбекова, қазақ тілі пәнінен Олимпиада жүлдегері:

- Біздің облысымыз бірегей мүмкіндік беріп отыр, дарынды балаларды қолдап отыр,келешекте сіздердің артқан сенімдеріңізді ақтау үшін  үлкен талпыныс пен үлкен үміт.

Білімге зеректердің арасынан  «жылдың үздік оқушысы» да анықталды. Ол химия пәні бойынша Нидерланд, Белорусия сынды елдердегі олимпиадаға қатысып келген  жүлдегер.

Нұрлыхан Көпенов, 2018 жылдың үздік оқушысы:

- Мен өткен жылы химия пәніне Менделеев атындағы олимпиададан қола медалге ие болдым. Ол мен үшін үлкен мәртебе.Осы жылы ең үздік оқушы атағын беріп отыр.Соған мен қуаныштымын.

Дарындылардың басқосуы әдемі  би кешімен жалғасты. Жалпы облыста білімқұмар жастарға жол ашық. Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 277 роботты техника кабинеттері ашылады. 

Сайрангүл Жұмаділова, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- IT мамандықтарын,программалау, мехатроника,роботты техника мамандықтарына даярлауда балаларға зор мүмкідік туып отыр.Қазіргі күні балаларға өздерін одан әрі жақсы қырынан көрсетуге жағдайлар жасалған.

Сондықтан ұстаздар өңірдегі дарынды балалар қатары алдағы жылдары бұдан да артады дегенге сенімде.

Авторлары: Э.Ахметова, А.Төлепов

Осы категория бойынша: « Еліміздегі мектептердің қандай болсын шараға ақша жинауына тыйым салынады АҚШ-тан келген философ қазақ ойшылдарына тәнті болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы