367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Болашақтан» үміткерлерге талап күшейеді

  • 343
  • UPD: 15:56, 27.06.2018

«Болашақ» бағдарламасынан үміткерлерге талап күшейеді.

Ағылшын тілін білу деңгейі жіті тексеріліп, бірқатар квоталық категория алынып тасталады. Бұл жөнінде бүгін Білім және ғылым министрінің орынбасары Талғат Ешенқұлов мәлімдеді. Айтуынша, бағдарламаның тиімділігін арттыру мақсатында алдағы бес жылға бірқатар өзгеріс енгізу көзделеді. Атап айтсақ, аймақтық деңгейде онлайн тестілеу болады. Осының арқасында конкурсқа қатысу көрсеткіші артады деген болжам бар. Мұнымен қоса, магистратураға түсемін деушілер үшін IELTS-тің межесі 6,1-ге дейін көтеріледі. Журналистерге сұхбат берген  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ының басшысы Жанболат Мелдешовтың айтуынша, түлектерді ауыл-аймаққа тарту үшін бағдарламаны өтеу мерзімі қысқарды.

Жанболат Мелдешов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшысы:

– Қазіргі уақытта түлектеріміздің 85 пайызы Алматы, Астанада жұмыс жасайды. 15 пайызы ғана өңірлерде. Сондықтан түлектерді ынталандыру мақсатында басқа өңірлерде жұмыс жасайтын болса, еңбек өтілімі 3 жылға дейін қысқарады. Ал білім саласында жұмыс жасайтын болса, 2 жылға кемиді.

Осы категория бойынша: « ҰБТ-2018: Алты күннің ішінде тәртіп бұзған 8 оқушы тестілеуден шеттетілген Еліміздегі студенттік жатақханаларды заңсыз паналағандар анықталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы