365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалық колледж студенттері хостелдерге орналастырылады

  • 278
  • UPD: 15:19, 15.08.2018

Жаңа оқу жылында елордалық колледж студенттерін хостелдерге орналастыру көзделген.

Тәлімгерлер үшін Астанада 16 шағын қонақ үй мен жатақхана қарастырылды. «Мұндағы орташа төлемақы 5 мың теңге шамасында болмақ» деп мәлімдеді бас қаланың білім беру басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин. Сондай-ақ, ол биылдан бастап астаналық мектептер жан басына қарай қаржыландырылатынын айтты. Демек, оқу ордасында білім алатын оқушылардың саны неғұрлым көп болса, бөлінетін қаражаттың көлемі соғұрлым артық болмақ.

Әнуар Жанғозин, Астана қаласы білім беру басқармасының басшысы:

- Бүкіл мектептерге, мемлекеттік болсын, жекеменшік болсын, бірыңғай сома бөлінетін болады. Жылына бастауыш сыныптарға 160 мың, жоғарғы сыныптарға 200 мыңнан астам теңге бөлінеді.

Осы категория бойынша: « Студенттер Бас прокуратура тапсырысымен адамның кескінін анықтаушы қосымша жасады Фермерлер мен ғалымдар «ақылды технологияның» пайдасын ойын арқылы анықтап көрді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы