374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде «Мектеп сөмкесі» акциясы өтті

  • 314
  • UPD: 18:44, 27.08.2018

Өскеменде облыстық білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Мектеп сөмкесі» акциясына дін өкілдері де атсалысты.

Аталған шара барысында шаһардағы 200 балаға мектеп сөмкесі таратылды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатындағы бастамадан ешкім қалыс қалмау үшін білім басқармасының мамандары мен қала мешіттері де қолдап, арнайы тізім ұсынды.  Бұл ізгі іс әлі бірнеше күнге жалғасады. Мешіттегі қайырымдылық акциясына келе алмай қалғандарға мектеп құралын жеткізіп беру де  қарастырылған.

Дәулет Қабидолдин, орталық мешіттің наиб имамы:

- Жаңағыдай мешітке  қана шақырмай, келе алмаса, апарып береміз бұйырса, бұл шараға атсалысқан баршаға Алла риза болсын. Өйткені қайырымдылық жасау, баланың басынан сипау адамның жүрегін жібітетін амалдардың бірі болып саналады. 

Шырын Абдулғазиева, оқушы:

- Маған сөмкем ұнады оның ішінде сурет дәптер, дәптер, қарындаш, өшіргіштер бар. Олар маған өте қатты ұнады, мен сабақты жақсы оқимын.

Осы категория бойынша: « Тұңғыш ҚР Президенті – Елбасының кітапханасында 1-сынып оқушыларына арналған мерекелік сабақ өтті Маңғыстау облысында оқушыларды тегін оқулықпен қамтуға 1,5 млрд теңге бөлінді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы