374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда студенттерге жатақхана жетіспей жатыр

  • 207
  • UPD: 18:11, 28.08.2018

Жаңа оқу жылы басталмай жатып Көкшетауда студенттерге жатақхана жетіспей жатыр. Мұның зардабы әсіресе алыс аймақтардан келген балаларға тиюде.

Мәселен, Көкшетау мемлекеттік университетінің бес жатақханасында,.. қазір 1 мың 330 орын ғана бар болса, биылғы 1-ші курс студенттерінің өзі 1 мың 200-ден асады. Ал, білім ордасындағы қалған 4 мыңнан аса білімгер не істемек? 

Қазір университет жатақханаларының алдында күнде осындай көрініс. Бірнеше күннен бері студенттер алыс аймақтардан лек-легімен келіп жатыр. Жатақхана алдындағы жанталасқа қарап, бөлме алғандардан бұйырмай кері қайтып жатқандар көп екенін байқайсың. Алайда, осы жағдайды олар камераға айтып беруге қорқады. Тіпті ата-аналардың өзі жүрексінетін көрінеді.

Ал бұл студенттер жатақханадан орын бұйырмаған соң амалсыз пәтер жалдауға кетіп барады. Жастардан сұрастырсақ, осыдан тіпті 3-4 күн бұрын келіп, содан бері жалдамалы баспаналарда жүргендер де көп екен. Мұны бізге аты-жөні мен жүзін жасырған қыз бала айтып берді.

«Біз 26-сына келдік. 26-сынан бері квартира жалдап жүрміз 4 қыз. Күндігіне 6 мың теңгеден. Бізге қиындық түсіріп жатыр. Жатақхана керек. Жатақханада оқуға жақын. Ақша төлемейміз. күнделікті ақша кетпейді. Ал мұнда қиын. Күнделікті ақша, тамаққа, квартираға төлейміз». 

Білім ордасының оқу ғимараттары да студенттер мен ата-аналарға лық толы. Мұнда да сөмке сүйрегендерді көзің шалады. Жатақхана жетіспеушілігін университет басшылығы мойындап отыр. Алайда әзірге қолдан келер шара жоқ. Себебі барлығы бірдей сыймайды.

Аманай Сейтқасымов, Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры:

- Біз 1-курсты толық 100 пайыз қаматамасыз етуге тырысып жатырмыз.  Одан кейін екінші, ол, әрине, жеңілдігі бар балалар. Бұл балалар үйінің тәрбиеленушілері не болмаса әке-шешесі жоқ тұл жетім балалар, одан басқа мүгедіктік топтары бар студенттер. 4-курсты енді көрерміз. Қанша айтқанмен, ересек балалар ғой олар. 3-курсқа енді біз конкурспен береміз енді конкурспен. 

Дегенмен, университет басшылығы қазір қосымша орындар қарастырып жатыр екен. Айталық, жатақхана бөлмелеріне тағы 60 шақты кереуеттер қосылып, бос бөлмелер де пайдаланылады. Тіпті қонақүйден бөлме жалдау да жоспарда бар екен. Ал алдағы жылы 500 орындық студенттер үйі салынуы мүмкін. 

Дамир Берікұлы, тілші:

- Жатақхана жетіспеушілігі біз көрсеткен университетте ғана емес, қаламыздың басқа да жоғары оқу орындары мен колледждерінде де байқалады. Ал, бұл мәселе алдағы уақытта тек Елбасының 5 бастамасы аясында толық шешіледі деген сенім мол. 

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Осы категория бойынша: « Е.Сағадиев биыл Астана мектептеріне латын әліпбиін енгізу жөнінен түсініктеме берді Оралда жас мұғалімдердің слеті өтіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы