377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысындағы мектептер НЗМ бағдарламасымен сабақ өткізіп жатыр

  • 250
  • UPD: 10:45, 24.03.2019
Жамбыл облысындағы мектептер НЗМ бағдарламасымен сабақ өткізіп жатыр

Жамбыл облысының 40 білім мекемесінде Назарбаев зияткерлік мектебінің бағдарламасы бойынша сабақ өтіп жатыр.

Жаңа оқу жылынан бастап, оқу ордаларының елу проценті аталған жүйеге көшеді. Осыған сәйкес жаңартылған білім беру мазмұнымен оқытатын, 6179 педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтуде.Қазіргі таңда Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату аясында үш тілде білім беруді кезең кезеңімен еңгізу жұмыстары жүргізілуде. Өңірдегі 277 мектепте, 755 мұғалім физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытады. Осы  пәндер ұстаздарының жалақыларына 35 мың теңге қосымша қаржы төленуде 

Жәмила Бекбатырова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары: 

- Осы мектептерге желілік кесте әзірленіп, осы кестеге сәйкес әр аптада бір мектепте НЗМ іс тәжірибесін тарату бойынша іс шаралар өткізілуде. Қыркүйектен бастап,  облыстағы 50 пайыз мектепке енгізуді жоспарлап отырмыз, 2020-жылы 100 пайыз мектептерге енгізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы