376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде дуальді білім беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі

  • 241
  • UPD: 15:12, 29.03.2019

Енді колледж оқушылары мен студенттерін тәжірибеден өткізетін кәсіпорындар мемлекеттік қолдауға ие болады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Сонымен қатар мұғалімдер мен шеберлердің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы Атырауда білім министрлігі мен мұнай компаниялары өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде айтылды.

Әйгерім Талғатқызы қыз баласына қиын мамандықты таңдады. Ол мұнай кен орнында оператор болып еңбек етеді. Бұған дейін бойжеткен дуальді білім беру жүйесімен тәжірбие жинақтап, бірден жұмысқа орналасты.  

Әйгерім Талғатқызы, мұнай өнеркәсібінің операторы:

- Отбасымда атам мұнайшы болды. Ол Сириядағы Дамаскіде 3 жыл жұмыс жасады инженер болып. Мен атамнан үлгі алдым.

Дуальді білім беру жүйесімен оқушылар мен студенттерді кез келген компания ала бермейді. Өйткені әр жас маманға бір-бір шебер бекіту керек. Ал бұл кәсіпорын үшін қосымша шығын. Енді мәселе оң шешім тапты. Бұдан былай олардың оқуына бөлінген қаржы қабылдаушыға аударылады.

Ермек Күзембаев, «Кәсіпқор» холдингі» ҰАҚ басқармасының төрағасы:

- Биылдан бастап «Жас маман» жобасы жүзеге асырылады. Ол бойынша 1800 колледж бен 20 жоғары оқу орнына заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттар енгізіледі. Сонымен қатар шетелдік мамандар тартылады.

Бұл жүйе Атырауда енгізіле бастады. Техникалық колледжіне Мальтадан оқытушылар шақыртылды. Олардан тәлім алған оқушыларға халықаралық сертификат беріледі. Бұл жастардың кәсіби дайындығын шыңдайды.

Аружан Әміркенова, студент:

- Қазір мен мұнай кен орнында тәжірибеден өтіп жүрмін. Бұл маман болып қалыптасуыма мүмкіндік береді. Ертең жұмысқа орналасуыма да септігін тигізеді. 

Тағы бір өзгеріс. Енді кәсіптік мектептер жұмыс кадрлерін қайта қарайды. Мәселен, Атырау облысына мұнай-газ саласының операторлары мен өлшеу құралдарын басқаратын темір шеберлері қажет. Жалпы, еңбек нарығында 100 шақты мамандық тапшы.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Виктор Сутягин, Амантай Матенов, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы