389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Он бес мың мұғалім төленбей келген 176 млн теңге үстеме ақысын алды

  • 569
  • UPD: 17:44, 18.04.2019

Еліміздің прокуратура органдарының қадағалау актісі бойынша педагогтарға 176 млн  теңгеден астам төленбеген үстеме ақы төленді.

Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасынан мәлім болды.

«Прокуратура органдары жалпы білім беретін мекемелер қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын талдау барысында еліміз бойынша 15 305 педагогқа 2016-2018 жылдардағы оқу кезеңінде инклюзивті білім беру аясында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс істегені үшін үстеме ақы төленбей келгенін анықтады», - деп атап өтті ведомство.

Бас прокуратураның мәліметінше, аталған қызметті көрсеткені үшін қолданыстағы заңнамада педагогтарға  жалақыдан 40 пайыз мөлшерінде үстеме ақы көзделген. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, жоғарыда көрсетілген қызметкерлерге 176,2 млн теңге мөлшерінде төлемдер жүзеге асырылды.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы