384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ-ға енгізілген өзгерістер талапкердің оқуға түсуін жеңілдетпек

  • 390
  • UPD: 09:50, 19.06.2019
ҰБТ-ға енгізілген өзгерістер талапкердің оқуға түсуін жеңілдетпек

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

Ол талапкерлердің жоғары оқу орнына түсу үдерісін біршама жеңілдетеді. Бұл туралы Семейдегі Шәкәрім мемлекеттік университеттің жанындағы ҰБТ өткізу пунктінің жетекшісі Болатбек Көжебаев мәлімдеді. Енді талапкерлер ұлттық бірыңғай тестті 4 рет тапсыра алады. Сонымен қатар білім гранттары мамандыққа қарай емес, білім бағдарламасының топтарына қарай бөлінеді. Ол өз кезегінде грант иегері атану мүмкіндігін арттыра түседі. Тағы бір жаңашылдық – жоғары баллды шет тілінен емтихан тапсырмай-ақ алуға болады. Ол үшін қолыңызда IELTS немесе TOEFL сертификаты болуы керек. Ең соңғы өзгеріс колледж түлектеріне байланысты. Олар жоғары оқу орнының студенті атану үшін кешенді тест тапсырмайды. Биыл Семейде екі ҰБТ өткізу пункті жұмыс істейді. Аталған шараға 1700-ге жуық түлек қатысады деп жоспарланып отыр.

Болатбек Көжебаев, ҰБТ өткізу пунктінің жетекшісі:

- ҰБТ өткізу үшін біздің Шәкәрім университетінде бүкіл жағдай жасалған. 7 аудитория дайын. Әр аудиторияда бейнекамералар және ұялы телефон толқындарын сөндіргіштер орнатылған. Биыл білім және ғылым министрлігімен біраз жаңалықтар енгізіліп жатыр. Оның ішінде негізгісі - әр балаға 4 рет емтихан тапсыру мүмкіншілігі.

Хабар 24 телеарнасы