385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Электронды оқулық туралы мәлімдеме жұрттың талқысына түсті

  • 87
  • UPD: 18:37, 15.08.2019

Білім және ғылым министрінің электронды оқулықтар жөніндегі мәлімдемесі ел ішіне бірден тарап, жан-жақты талқылауларға себеп болды.

Мамандардың айтуынша, бұл қадам оқыту жүйесіне сөзсіз оң әсер етеді. Алайда кейбір шалғай аудандарда интернеттің жоқ екенін, бар болғанның өзінде жылдамдықтың баяулығын естен шығармаған жөн дейді. Яғни бастаманы қолға алғандар оқулықты көшіріп, оны оффлайн режимде пайдалану жағын ескеру керек екенін айтады.  

Мақсат Жабағин, Ұлттық биотехнология орталығы адам генетикасы зертханасының меңгерушісі: 

- Менің азаматтық пікірім, бұл өте жақсы бастама. Өйткені өзіңіз білесіз, көптеген ақпарат  қазір интернетте және көптеген бағдарламалар цифрлық ноутбуктарға, планшеттерге жасалған. Ол оқушыларға, ата-аналарға ыңғайлы деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы