386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Оқушыларды латын әліпбиі негізінде оқыту қиындық тудырмайды

  • 109
Сарапшы: Оқушыларды латын әліпбиі негізінде оқыту қиындық тудырмайды

Мектеп оқушыларын латын әліпбиі негізінде оқыту айтарлықтай қиындық тудырмайды.

Ұлттық биотехнология орталығына қарасты Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі Мақсат Жабағин осындай пікірде. Оның айтуынша, оқу процесі жеңіл болу үшін бастауыш сынып оқушыларына арналған бағдарлама бастапқыда ойын түрінде түзілгені дұрыс. Цифрландыру үрдісін белсенді қолдану да оқушыларға салмақ түсірмейді, дейді маман.  

Мақсат Жабағин, ұлттық биотехнология орталығы адам генетикасы зертханасының меңгерушісі:

– Бастауыш сынып оқушылары үшін қиындық тудырады деп ойламаймын. Бұл көп нәрсені үйренетін жас. Егер ол ойын түрінде, қызықты әрі цифрландыру арқылы жасалатын болса, қиындық тудырмайды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы