378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа бағдарлама бойынша ересек адамдар «Күміс университеттерде» білім ала алады

  • 228
  • UPD: 11:15, 19.12.2019
Жаңа бағдарлама бойынша ересек адамдар «Күміс университеттерде» білім ала алады

2025 жылға дейін Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы енгізіледі.

Жаңа бағдарлама бойынша Қазақстанда ересек адамдар университеттер жанында ашылған «Күміс университеттерде» білім алады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты.

«Бүгінде формалды білімнен басқа, формалды емес білімнің өмірге қажеттілігі жоғарылап отыр. Сондықтан мемлекеттік бағдарламада университеттер жанынан ересектерге арналған «Күміс университеттерге», жаппай онлайн курстарға, қосымша білім орталықтарының жұмысына үлкен мән беріп отырмыз. Ол адамның қажеттіліктері үшін, өмір бойы білім алу қағидаларына бағытталған»,- деді Асхат Аймағамбетов. 

Айта кетсек, министр бүгін Үкімет отырысында 2025 жылға дейін Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын таныстырды.

Хабар 24 телеарнасы