420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа оқу жылында колледж студенттері қалай оқитыны айқындалды

  • 842
  • UPD: 09:59, 04.08.2020
Жаңа оқу жылында колледж студенттері қалай оқитыны айқындалды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында колледж студенттерінің білім алу тәртібіне қатысты түсінік берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Колледждерге келетін болсақ, педагогикалық, IT, әлеуметтік, гуманитарлық бағыттардағы мамандықтар бойынша қашықтан оқыту, сондай-ақ технологиялық, аграрлық, медицина, өнер бағыттары бойынша аралас оқыту ұсынылады. Сәйкесінше, зертханалық жұмыстар мен өндірістік тәжірбиені штатты режимде жүргізуге мүмкіндік береміз. Мұнда өте аз бала қамтылған, олар өздерінің жұмыс орындарында болады деп жоспарлануда», - деді министр Үкімет отырысында.

Бұған қоса, алыс ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан, бір топтағы студент саны 15-тен аспайтын 9 мыңнан аса студенті бар 102 колледж де штаттық режимде жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы