426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоянды ауылында жаңа мектеп ашылады

  • 233
  • UPD: 15:34, 21.08.2020
Қоянды ауылында жаңа мектеп ашылады

Елорда маңындағы Қоянды ауылында жаңа мектеп құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл әкімі алдағы айда оқу ордасы қолдануға берілетінін айтады. «Ақжол» партиясының депутаты Берік Дүйсембинов мектептегі жұмысты бақылап, ауыл әкімімен кездесті.

Айта кетейік, 11 мыңнан аса тұрғыны бар ауылда бір ғана мектеп болған. Енді 1200 орындық жаңа оқу орны жергілікті халықтың игілігіне беріледі. Кездесуде шешімін таппай жүрген жол, су мәселесі де талқыланды.

Берік Дүйсембинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елордада бір көшені бір жылда төрт рет салады. «Мәңгілік елді» мысалы. Ал, мына жерге төрт рет емес, бір рет салуға мүмкіндік жоқ. Жылда осы әңгімені айтамыз. Осының шешімі бар ма? Нақты бізге қандай тапсырма бар?

Хабар 24 телеарнасы