423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ата-аналар КСРО кезіндегі оқулықтарды іздестіруде

  • 92
  • UPD: 18:21, 20.11.2020

Ескі оқулықтар естірек болған. Әлеуметтік желілерде кеңес дәуіріндегі кітаптарға іздеу салған ата-аналардың пікірі осындай. Бірақ мамандар заманауи оқулықтардың мазмұны терең берері мол екенін айтады. Тығыз уақытта ескерілмей қалған олқылықтар міндетті түрде жөнделеді? Қашан? Бұған кім жауапты?

Павлодарлық Светлана Кузина алты бала тәрбиелеп отыр. Қашықтан білім алу мүмкіндігі туғанда бұл отбасы қатты қуанған. Өйткені үнемделген уақытты тиімді пайдалануға болады. Қазір балалардың бірі ғылымға ден қойса, енді бірі музыкаға әуес. Спортты серік еткендері де бар. Ең бастысы, көп балалы ананың көңілі жай. Құлыншақтары жаңа білім беру бағдарламасын тез игеріп кетті. Бірақ «кішкентай балаларымды ескі оқулықтармен оқытқан ыңғайлы» дейді.

Светлана Кузина, ата-ана:

- Біз көптеген әдебиетті пайдаланамыз. Білім бағдарламасынан бөлек кітаптарды да сатып аламыз. Түрлі оқу сайттарына жазылғанбыз. Маған кеңестік оқулықтар да ұнайды. Балаларым үшін пайдалы болса, оларды да қолдануға тырысамыз. Ескі кітаптардың тапсырмалары қиын емес әрі жеңіл түсіндірілген.

Мамандардың айтуынша, қазіргі оқулықтардың миссиясы бөлек. Өйткені бүгінгі бала - ертеңгі тұлға. Жаңа білім беру бағдарламасы уақытқа ілесе алатын азамат қалыптастыруды көздейді.

Әділхан Дүйсебек, ҚР БҒМ «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары:

- Оқулықтың өзі бірнеше функциясы болады. Мысалы, ақпараттық функциясы, дамытушы функциясы, креативтілігін дамыту функциясы болады, ынталандыру функциясы. Соның ішінде бұрын тек ақпараттық функциясы роль атқарған. Яғни ақпарат көзі есебінде қазір біз оқулыққа қоятын талаптарда жаңағыдай жаңа функцияларды қостық. Сол үшін оқулықтың ішіндегі мазмұны өзгертілді. Енді қазіргі ситуацияда ата-аналардың айтып отырғаны тек қателіктер емес, ең бастысы, білім мазмұнын оқулықтардағы өте ауыр болып кетуі. Әсіресе бастауышта.

Мазмұны ғана емес-ау. Грамматикалық қателерді айтпағанда, сыныптан шатасқан оқулықтарды да жиі кездестіреміз. Бірақ келер жылы бірінші сынып оқушылары мүлде басқа сапалы әрі жүйелі оқулықтармен оқитын болады. Мамандар қоғамның сын-ескертпесін елеп, барлық кітапқа талдау жасады. Сарапшылар конкурс нәтижесінде іріктелген.

Әділхан Дүйсебек, ҚР БҒМ «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары:

- Авторларға талап күшейтілді, баспаларға талап күшейтілді. Авторлар міндетті түрде оқулықты әзірлеу методикасын соның теориясы, практикасы бойынша оқу курстарынан өткізілді. Сондай талап қойдық. Екіншіден, баспалар өзінің ішінде міндетті түрде өзіндік сараптамадан өткізу талабы қойылды. Бұл екі талап кәдігідей оқулықты әзірлеу сапасын жақсартады.

Оқулықтағы олқылықтар ұстаздарды да алаңдатады. Бірақ жүйені түсінуге болады дейді. Олар бұрынғы кітаптардан тек әдеби шығармаларды оқуға кеңес береді.

Ақмарал Орақова, бастауыш сынып мұғалімі:

- Қазір заман бөлек, талап бөлек, қазіргі бағдарламаның да, адамдардың да мақсаты бөлек. Бұрында білім шыны керек білім көбіне жаттанды болғанымен, қазіргі таңда ол білімді өмірде қолдана білу, функциялық сауаттылықты қайталап кетем. Соған бағытталған оқулықтар. Бірақ, оқулықтардың қазіргі таңдағы кемшілігі деп айтатын болсақ, түрлі баспадан шығады.

Енді бар жауапкершілік «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығына жүктеледі. Талдау жұмыстарына мұғалімдер мен ата-ананы да тарту көзделіпті. Яғни ұрпақ ескілікке ұмтылмай, есті оқулыққа жаритын болады. Олай болмаса Мемлекет басшысы айтқандай, құрастырушылар жауапқа тартылады.

Мерей Мұратханқызы, Ақмарал Есімханова, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы