423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елорданың барлық мектебі қашықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін

  • 645
  • UPD: 14:37, 11.12.2020
Елорданың барлық мектебі қашықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін

Елордадағы мектептердің барлығы қашықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаланың бас санитарлық дәрігері осындай мәлімдеме жасады.

Жанна Пралиеваның айтуынша, осы күні оқушылар арасында індет жұқтыру дерегі жиілеп кеткен. Жаңа оқу жылы басталғалы 224 баладан вирус табылыпты. Сондықтан мамандар сақтану керектігін айтып отыр. Кеше аудандық санитарлық дәрігерлер қаладағы 20 мектепті уақытша жабу туралы шешім қабылдаған.

Хабар 24 телеарнасы