420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы қыркүйектен бастап мектептерде «Әліппе» мен «Ана тілі» оқытылады

  • 154
  • UPD: 15:30, 24.12.2020
Алдағы қыркүйектен бастап мектептерде «Әліппе» мен «Ана тілі» оқытылады

Келесі жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектебінде бүлдіршіндер «Әліппе» және «Ана тілі» оқулықтарымен білім алатын болады.

Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ брифингінде айтты.

«Мектеп бағдарламасына өзіміздің «Әліппемізді» және «Ана тілі» пәнін қайта қайтару мәселесі көптен бері айтылып жүр. Бұл мәселені де шештік. Мектептің бағдарламасына ресми түрде енді. Мемлекеттік стандартқа енгізілді. Бағдарлама жасалды. Бағдарлама биыл күзде бекітілді. Ол бағдарлама бойынша жаңа оқулықтар дайындалды. Осы жаңа оқулықтар бойынша пилоттық режимде 100-ден астам мектепте оқыту басталды. Ол біткен соң келесі жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектебінде бүлдіршіндер «Әліппе» және «Ана тілімен» білім алатын болады», - деді.

«Әліппе» кирилл әліпбиінде болатынын айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы