387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райы: Алдағы тәуліктерде Астанада жаңбыр жауады

  • 917
  • UPD: 14:48, 16.05.2018
Ауа райы: Алдағы тәуліктерде Астанада жаңбыр жауады sputnik.by

Мамыр айының 16-18 күндері Астанада жаңбыр жауады.

16 мамыр күні көшпелі бұлт шығып, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел бағытын өзгертіп, жел солтүстік-шығыстан 5-10, желдің екпіні күндіз 14 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +16...+18°С.

Ал 17 мамыр күні көшпелі бұлт шығып, түнде және күндіз жауын жауады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 жылдамдықпен соқса, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°С, күндіз +10...+12°С.

18 мамыр күні көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел бағытын өзгертіп, батыстан 7-12 жылдамдықпен соқса, күндіз жел екпіні 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +13...+15°С.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы