386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады?

  • 654
Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады? Moldova today

Қазақстанның жақын күндеріндегі ауа райын Поволжье мен Оңтүстік Орал аудандарынан жылжып келе жатқан атмосфералық фронттар қалыптастырады.

Олардың ықпалынан республиканың солтүстік жартысында кей жерлерге өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күн күркіреу кезінде дауылды жел күшейіп, ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Қазақстанның оңтүстік жартысының кейбір аудандарына өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Ыстық босаңсып, күндізгі температура +30+39-дан +25+30 дейін төмендейді.

6-7 маусым аралығында желдің күшеюіне байланысты Батыс Қазақстан облысында дауылдық ескерту жарияланған. 6 маусым күні күндіз Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді.

Орал қаласында да 6 маусым күндіз найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді.

7 маусымда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді.

Хабар 24 телеарнасы