369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада көмір бағасы қандай?

  • 534
  • UPD: 23:40, 16.10.2018
Астанада көмір бағасы қандай?

12 қазаннан 15 қазанға дейін Астанаға 100 вагон немесе 6938 тонна көмір жеткізілген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

16 қазандағы жағдайы бойынша көмір сатылатын жерде көмірдің жалпы қоры 12 086,28 тоннаны құрайды. Оның 41 вагон немесе 2841 тонна Шұбаркөл маркасының көмірі, 33 вагон немесе 2296 тонна Майкөбе, 25 вагон немесе 1732 тонна Қаражыра, сондай-ақ 1 вагон немесе 69 тонна Богатырь маркасының көмірі.

Көмір түрлері мынадай бағада сатылуда: Шұбаркөл – тоннасына 13500-14500 теңге, Қаражыра – тоннасына 14000 теңге, Майкөбе – тоннасына 12000-12500 теңге, Богатырь көмірі – тоннасына 8500-9500 теңге.

Астана қаласы әкімдігінің көмір нарығындағы жағдай күн сайын бақыланады және үнемі қадағаланады. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.

Осы категория бойынша: « Төрт облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы