371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысы мен Шымкентте дауылды ескерту жарияланды

  • 575
  • UPD: 16:23, 30.11.2018
Түркістан облысы мен Шымкентте дауылды ескерту жарияланды Otyrar.kz

Шымкенттің төтенше жағдайлар қызметі дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктер бүгін тус ауа қатты жауын-шашын болатыны жөнінде хабарлама таратты, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«30 қарашада таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Күннің екінші жартысында ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болады» делінген хабарламада.

Мамандар, сондай-ақ бүгін Түркістан облысында да нөсер жауын болып, қалың тұман түсетінін ескертіп отыр. Ал 1 желтоқсан күні көктайғақ болып, қатты аяз күтілуде. Ауа температурасы -8-16 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар.

Осы категория бойынша: « Қазгидромет: Желтоқсан айы қарлы боранмен басталады Қазақстандықтарды желтоқсанда қандай ауа райы күтіп тұр? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы