376,06 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады – Қазгидромет

  • 523
  • UPD: 18:16, 09.01.2019
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады – Қазгидромет

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы