382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райының адам денсаулығы мен көңіл-күйіне әсері қандай?

  • 297
  • UPD: 17:26, 28.05.2019
Ауа райының адам денсаулығы мен көңіл-күйіне әсері қандай?

Табиғат – климат құбылыстарының адам денсаулығына әсер ететіні жайлы ежелгі жазба деректерде кездеседі.

Ауа райы – атмосфераның жер бетіне таяу қабаты - тропосфераның белгілі бір қысқа мерзімдік (тәулік, апта, ай) жай-күйі.

Ауа райын сипаттайтын негізгі элементтеріне күн сәулесінің қарқындылығы мен белсенділігі, атмосфераның электрлік жағдайы, Жердің магниттік өрісінің кернеулілігі, геомагниттік белсенділіктің өзгеруінің тез не баяу жүретіндігі және оның айқындылық дәрежесі, атмосфералық қысым, температура, ауаның ылғалдылығы, ауа қозғалысының бағыты мен жылдамдығы, бұлытты болуы, жауын-шашындар жатады.

Магниттік өрістерден адамдарда қан қысымның көтерілуі, жұмыс істеу қабілетінің азаюы, бас ауруы, созылмалы аурулардың асқынуы жиі болады.

Қалай күресу керек?

Гипертониктерге (қан қысымының жоғары болуы) көбірек су ішіп, тағамға тұзды азырақ қосу қажет болса, гипотониктерге (қан қысымының төмен болуы) элеутерококк және лимонник өсімдіктерінен жасалған сергітшкіш тұнбасын ішкен пайдалы.

Аптап ыстық күндері

Адамдардың өзін жайсыз сезінуі, жұмыс істеу қабілеттерінің төмендеуі болады.

Қалай күресу керек?

Бөлме ішін жақсылап желдетіп тұру, физикалық ауыртпалықты азайтып, көбірек су ішу және жеңіл киім кию қажет.

Жоғары атмосфералық қысым

Пульс жиілігінің қысқаруы, тыныс алудың, жүрек ырғағының бұзылуы, қан қысымының жоғарылауы мен бас ауруы.

Қалай күресу керек?

Жүктемелерді азайту, стрестен аулақ болу, дәрігердің кеңесін тыңдау.

Төмен атмосфералық қысым

Тыныс алудың қиындауы, бас ауруы, ауаның жетпеуі мен жалпы әлсіздік.

Қалай күресу керек?

Суды көп ішу, контрасттық душ қабылдау мен толыққанды ұйқы.

Айта кетейік, климаттың өзгеруі метео-тәуелді адамдардың денсаулығына әсер етуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы