387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азаматтық хал актілерінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда не істеу керек

  • 168
  • UPD: 12:51, 11.09.2019
Азаматтық хал актілерінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда не істеу керек thietbivesinhinax.vn

Бұл сұраққа Әділет министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді. 

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігімен «Электронды үкіметін» қалыптастыру жөніндегі» Президент Жарлығын орындау шеңберінде 1937-2008жж. аралығында Қазақстан Республикасының аумағында қағаз жүзінде тіркелген мұрағаттық акт жазбалары цифрланды.

Осы орайда, ақпараттық жүйеде сізге қатысты азаматтық хал актілерінде /туу туралы, неке қию, неке бұзу және т.б./ сәйкессіздіктер анықталған жағдайда түзетулер енгізу үшін «электрондық үкімет» порталында «Жеке кабинет» арқылы өтініш бере аласыз.

Бұл үшін «электрондық үкімет» порталында тіркелу және электрондық – цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болу керек.

Порталдың басты бетінде сервистер бөлімінде «Жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру қызметі» сілтемесін таңдап, басу қажет.

Ашылған терезеде түсетін тізімнен «Акт жазбасының түрін» таңдау қажет: туу туралы акт жазба, неке қию туралы акт жазба, некені бұзу туралы акт жазба, аты-жөнін өзгерту туралы акт жазба, қайтыс болу туралы акт жазба, әке болуды белгілеу туралы акт жазба, бала асырап алу туралы акт жазба.

Туу туралы акт жазбасын таңдаған жағдайда, жүйеде өтініш беруші санаты «Ата-ана» немесе «Бала» деп көрсетіледі.

Егер пайдаланушы «Ата-ана» өтініш беруші санатын таңдаса, баланың ЖСН немесе аты-жөні және туған күні бойынша деректерді толтырып, «Іздеу» әрекетін таңдайды.

Егер көрсетілген параметрлер бойынша ақпараттық жүйеде акт жазба болған жағдайда, пайдаланушы өзінің деректерінің дұрыстығын тексеріп, қателіктер анықталмаған жағдайда «Өзекті мәліметтер» бастырмасын таңдайды.

Мәліметтер өзекссіз болған жағдайда сканерленген тиісті куәлікті жүктеп, пайдаланушы «Мәліметтерді цифрлау» бастырмасын басу қажет.

Егерде ақпараттық жүйеде акт жазбасы болмаған жағдайда мынадай мәтіндегі хабарлама пайда болады:

«Назар аударыңыз! Мұрағаттық жазба АХАЖ АЖ-де сіз және сіздің ата-аналарыңыз арасындағы отбасылық байланыстың растамасы болған жағдайда табылады. АХАЖ АҚ-де берілген параметірлер бойынша деректер жоқ. Іздеудің басқа түрін пайдаланып көріңіз немесе деректерді цифрлаңыз».

Бұл жағдайда пайдаланушы «Мәліметтерді цифрлау» бастырмасын басып, келесі деректерді толтыру керек:

– облыс/қала, АХАЖ бөлімі, акт жазбасының нөмірін;

– акт жазбасын тіркеу күні;

– баланың деректері (ЖСН, аты-жөні, азаматтығы, ұлты, туған күні, жынысы);

–баланың туған жері (мемлекет, облыс/қала, аудан, жергілікті мекен/қаласы);

– жалғыз басты ана (ия/жоқ);

– әкесінің деректері (ЖСН, аты-жөні, туған күні, ұлты, азаматтығы);

– анасының деректері (ЖСН, аты-жөні, туған күні, ұлты, азаматтығы).

 Осыдан кейін «Жаңа файлды жүктеу» бастырмасын басу арқылы туу

туралы куәліктің көшірмесін жалғап, «Мәліметтерді цифрлау» бастырмасын басып, өтінішке ЭЦҚ – мен қол қойылады.

Акт жазбаларының басқа түрлерін өзектендіру де осы тәртіппен жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы