422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

6 қаңтарда ел бойынша мамандандырылған ХҚО жұмыс істемейді

  • 565
  • UPD: 09:53, 06.01.2020
<span class=favorites>6 қаңтарда ел бойынша мамандандырылған ХҚО жұмыс істемейді</span>

5 қаңтарда ІІМ ақпараттық жүйесінің жаңартылуына байланысты «көлік құралын тіркеу» және «жүргізуші куәліктерін беру» қызметтерін көрсету уақыты ұзарды.

Бұл «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ бөлімшелеріндегі кезек санының  артуына себепші болды.

Осыған байланысты 6 қаңтарда Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» РМК «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп туындаған техникалық ақаулықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіледі, бұдан соң қызмет көрсету қайта жалғасады.

Халықты құжаттандыру саласындағы өзге де мемлекеттік қызметтер (жеке куәліктер, паспорттар беру) ХҚО-да штаттық режимде көрсетіледі.

ІІМ ақпараттық-өндірістік орталығы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы