418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

  • 481
  • UPD: 17:55, 04.02.2020
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 ақпанға бірнеше өңірде ескерту жарияланды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с артады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

 Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Көкшетау қаласында жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінмен жел тұрады.

Түркістан облысының кей жерлерін түнде тұман басып, күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Түркістан қаласында күндіз 15-20 м/с жылдамдықтағы жел күтіледі. Шымкент қаласында күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінмен жел соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, таңертең және күндіз оның күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей жерлерде 15-20, 23-28 м/с артуы мүмкін. Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с күшпен жел тұрады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында түнде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 16 м/с сақталады.

Хабар 24 телеарнасы